Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

7, 8, 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, атмосфералық фронталды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады.

— Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, елдің оңтүстік жартысында — найзағай, орталығы мен шығысында қар аралас жаңбыр болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады, — делінген хабарламада.