Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, 4 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы кеше Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкентке бара жатқан. Қозғалыс жолағына қарсы беттен шыққан «Audi 100» маркалы автокөлігі келіп соғады.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Автобустың 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталып жатыр» делінген полицияның хабарламасында.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз