Қызылордада көпқабатты үйден жасөспірім құлап кетті
Қызылорда қаласында көпқабатты үйден жасөспірім құлап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, жасөспірім алған жарақатына байланысты емдеу орнына жеткізілген.
«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру басталған. Онда өз-өзін өлтіруге оқталу жағдайы көрсетілген», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.