Президенттің бұрынғы кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress «Самұрық-Қазына» қорының сайтына сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Үкіметпен келісе отырып, Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Еске салсақ, 14 сәуірде Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Discussion about this post