Маржан Әкімжанова Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Маржан Әкімжанова 2021 жылы ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалған болатын.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз