Маржан Әкімжанова Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Маржан Әкімжанова Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Маржан Әкімжанова Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Маржан Әкімжанова 2021 жылы ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалған болатын.