Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
— Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз