Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Смайылов Қытай елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нурбек Турганов by Нурбек Турганов
2 марта, 2023
Смайылов Қытай елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

1 наурызда, премьер-министр Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

Тараптар сауда-саттық, инвестициялар тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Премьер-министр Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18пайызын құрайтын Қытай еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ҚХР мемлекетіміздің экономикасына инвестиция салатын ТОП-5 елдің қатарына кіреді.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі екі ел басшыларының 2030 жылға қарай өзара сауданы 35 миллиард долларға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында белсенді түрде жұмыс жүргізуге дайын екенін атап өтті.

«Біздің елдеріміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласында айтарлықтай әлеуеті бар. Қазақстандық кәсіпорындар Қытайға азық-түлік тауарларының экспортын одан әрі арттырғасы келеді. Осыған байланысты сауда-саттыққа қатысты кедергілер мен шектеулерді әрі қарай алып тастау маңызды болып отыр», — деді премьер-министр.

Өз кезегінде Чжан Сяо қытайлық тараптың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға, теміржол тасымалы көлемін ұлғайтуға, IT-сектордағы өңіраралық өзара іс-қимыл мен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық компанияларға Қытайдың ірі сауда платформаларына және жалпы ҚХР нарығына шығуға белсенді көмек көрсетіліп жатыр.

«Біз экономикалық қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін зор әлеует бар деп санаймыз. Алдымызға жаңа, биік мақсаттар қоюымыз керек», — деді Чжан Сяо.

Кездесу барысында тараптар «Қорғас» ШЫХО-ның жұмысын қалпына келтіру, «Бақты-Покиту» автомобиль өткізу бекеті ауданында үшінші темір жол өткелін ашу, Транскаспий халықаралық ірі автомобиль жолдарын салу және машина жасау саласында жаңа өндірістерді құру мәселелерін қозғады.

Сонымен қатар, таяу болашақта Астана мен Бейжің арасында аптасына үш рейс жиілігімен әуе қатынасын қалпына келтіру және азаматтардың өзара сапарлары кезіндегі рәсімдерді оңайлату жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша барлық екіжақты тиімді бағыттар бойынша өзара белсенді іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Доллар бағамы тағы төмендеді

Келесі жаңалық

Тоқаев сот жүйесіне кадрлық өзгерістер жасады

Нурбек Турганов

Нурбек Турганов

Байланысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды
Басты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

10 июля, 2025
Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы
Саясат

Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы

20 июня, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

21 января, 2025
Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Басты

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

15 января, 2025
Келесі жаңалық
Тоқаев сот жүйесіне кадрлық өзгерістер жасады

Тоқаев сот жүйесіне кадрлық өзгерістер жасады

«Ерке жол ашты»: 35 жасар Кәмшат Жолдыбаева жас киноәртіске тұрмысқа шықты

«Ерке жол ашты»: 35 жасар Кәмшат Жолдыбаева жас киноәртіске тұрмысқа шықты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Габриэла Попеску Румынияда, Молдовада және Орталық Азия елдеріндегі Microsoft компаниясының басшысы болып тағайындалды

Габриэла Попеску Румынияда, Молдовада және Орталық Азия елдеріндегі Microsoft компаниясының басшысы болып тағайындалды

3 марта, 2026
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 598 адам жұқтырған

Қазақстанда коронавирус бір тәулікте 11 адамнан анықталды

13 мая, 2022
Саят Медеуов коронавирус жұқтырды

Саят Медеуов коронавирус жұқтырды

4 октября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
  • Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады
  • Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.