Павлодар облысында мектеп автобусы өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, оқиға 23 желтоқсан күні Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда болған.
— Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель толық жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен 6 бала эвакуацияланды,
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, — деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Discussion about this post