Павлодар облысында мектеп автобусы өртенді

Павлодар облысында мектеп автобусы өртенді

Павлодар облысында мектеп автобусы өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, оқиға 23 желтоқсан күні Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда болған.

— Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель толық жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен 6 бала эвакуацияланды,

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, — деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.