Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 5,4 млн адам салдырды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
«2021 жылғы 2 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 429 636 адам вакцина салдырды, II компонентті 3 837 063 адам егілген», — делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кешегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 5 408 959 адам салдырған. 2 — ші компоненті егілгендер саны — 3 799 879.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз