Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында кезекті ротация жасалды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Telegram-каналында Тоқаевтың көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин жазды.
«Кеңес құрамына «Adal» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев кірді. «Казинформ» ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы Аскар Умаров кірді. Бұған дейін кеңеске «Nur Otan», «Ақ Жол», Қазақстанның халық партиясы мен «Ауыл» партиясының өкілдері кіріп алған еді. Сондай-ақ, кеңес құрамы Тәттігүл Талаевамен толыққан болатын.
Осы өзгерістер нәтижесінде кеңестен Асылбек Қожахметов, Ермек Тұрсынов пен Шыңғыс Мұқан кетті.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз