Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әкім аппаратының қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Өскеменде мас күйінде автокөлік жүргізген әкімдік қызметкеріне қатысты іс қаралған (ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі).
– Сот 2021 жылы 11 шілдеде К. есімді әйел мас күйінде көлік құралын басқарғанын анықтады. Сарапшының қорытындысы бойынша оның мас күйінде болғаны анықталды. Ол да мұны жоққа шығарған жоқ. Сот әйелді 15 тәулік мерзімге қамауға алды, сонымен қатар ол 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деді әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың баспасөз қызметіндегілер.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз