Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды, оның 4-уі шетел азаматы, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 26 ақпанда Жуалы ауданында, Шымбұлақ ауылынан 8 км (таулы жер), Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Б. Момышұлына ауылына қар құрсауында қалған 7 адамды жеткізді. Олардың 4-і қытай азаматтары.

«Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады»,-делінген министрліктің баспасөз-баянында.