Lada.kz хабарлауынша, 23 ақпан күні кешкісін орталық аудандық ауруханаға 23 адам түскен. Олар «Али-ман» мекемесіне барғаннан кейін ауруханаға түсті.
«Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жіберілді, оның ішінде балалар мен ересектер және 19 апталық жүкті әйел бар. 8 адам үйінде ем қабылдап жатыр», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Бұған дейін тағы бір жаппай улану туралы хабарланған еді. 2024 жылдың 5 ақпанында Түркістан облысында No9 мектептің оқушылары мен мұғалімдері ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, ауруға бояудың иісі себеп болған.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз