Бүкіл әлемде эндемиялық ауру, күркіл өнімсіз жөтелмен бірге жоғарғы тыныс жолдарының бактериялық инфекциясы, ауыр зардабын вакциналау арқылы болдырмауға болатын балалар ауруы — мұның бәрі көкжөтел туралы.
Қоздырғышы – Bordetella pertussis грамтеріс бактериясы. Денеге енген кезде ол шырышты қабатқа жабысып, қабыну процесінің дамуын және осы жерде тін некрозын тудырады.
Алматы No36 қалалық емхананың педиатрия бөлімі меңгерушісінің айтуынша, көкжөтел балалар мен жасөспірімдерге үлкен қауіп төндіреді. Ересектерде аурудың асқынуы төмен, бұл балалық шақта алған екпеден кейін иммунитеттің дамуымен, соның ішінде басқа жұқпалы агенттерден қорғаумен байланысты. Егер екпе жасалмаса, инфекцияның ағымы ауыр болады.
— Көкжөтелге тән белгілер инфекция жұқтырғаннан кейін 10-14 күннен кейін дами бастайды. Ауру бірнеше даму сатысынан өтеді. Катаральды кезеңде суық тиюге ұқсас белгілер байқалады: дене температурасының көтерілуі, мұрыннан су ағуы, түшкіру және құрғақ жөтел. Келесі сатысында ауру спазматикалық жөтелмен қарқынды түрде дами бастайды. Жөтел еріксіз, күркіл, бақыланбайды және науқасты көбіне түнде және таңертең азаптайды. Шулы ысқырықты сырыл естіледі. Жөтел ұстамалары ауаны жұтусыз басталып, дем алғанда көмей ысқырығымен аяқталады. Оттегінің жетіспеуінен бет қызарып ісінеді. Нәрестелерде спазматикалық жөтел тыныс алудың тоқтап қалуымен бірге жүреді, жалпы құрысу орын алуы мүмкін. Ауыра бастағанда қақырықтың жоғары тұтқырлығына байланысты бронх жеткіліксіздігі байқалады. Балаларда көкжөтелдің белгілері орта есеппен 4-6 апта бойы белсенді болып қалады. Емдеу кезеңі 3-4 айға дейін созылады, бұл кезде қалдық жөтел бірте-бірте басылады», — дейді Динара Қайыпова.
Маман көкжөтелдің алдын алуы иммундық жүйені нығайту, вакциналау және дер кезінде диагноз қою екенін атап өтті.
Статистика көрсеткендей, жасөспірімдердің 40%-ы диагнозы қойылмаған көкжөтелге байланысты жөтеледі. Ересектерде сол себеп созылмалы жөтелдің қоздырғыш факторы болып табылады. Инфекцияның тұрақты таралуы қоршаған ортадағы балалар мен ересектердің жаңа инфекцияларына әкеледі.
Егер сіздің балаңызда көкжөтел белгілері байқалса, ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. Дәрігердің шешімі науқастың жасына және жағдайына байланысты. Негізгі асқыну – екіншілік бактериялық инфекцияның дамуы. Көкжөтел кезінде асқынулар келесі диагнозға айналуы мүмкін: бактериялық пневмония; өкпенің коллапсы, плеврит, бронхит; жарылған құлақ қалқаны; отит және синусит; грыжаның қалыптасуы; қабырғаның сынуы (ересектерде).
«Вакциналау — ауыр зардапқа, тіпті өлімге әкелетін қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді құралы. Көкжөтел ауыр ауру екенін есте ұстаған жөн. Уақтылы вакциналау және дәрігермен кеңесу ауру мен асқынудың таралуын болдырмауға көмектеседі», — деп қорытындылады маман.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз