Әрбір ана баласының сау және қауіпсіз ортада өсіп, дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.
Сонда да әйел адам барлық қауіп пен нәресте туғанға дейін оған не зиян тигізетінін білуі керек.
Алматы №2 қалалық перинаталдық орталық директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Екатерина Слободенюк ескеруді қажет ететін бірнеше негізгі аспектіні атап өтті.
Жаман әдет: темекі шегу, алкоголь мен есірткіні қолдану болашақ нәрестенің денсаулығына қауіп төндіретін негізгі фактордың бірі. Аталған жаман әдеттер салмағы аз, әр түрлі ауытқуы бар және инфекцияларға осал сәбидің дүниеге келуіне әкелуі мүмкін. Фолий қышқылы, темір, кальций және басқа да қоректік заттардың жетіспеушілігі нәрестенің денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ананың психологиялық жағдайы да ұрықтың дамуына әсер етеді. Тұрақты стресс, депрессия және мазасыздық ұрыққа теріс әсер тигізіп, мерзімінен бұрын босануды тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, болашақ ананың денесіне зиянды заттардың тұрақты әсерін болдырмау керек, мысалы: ауыр метал, пестицид, сынап және басқа токсиндер.
«Осы факторларды ескере отырып, болашақ ана мен оны қоршаған орта жүктіліктің барлық кезеңінде денсаулыққа жан-жақты назар аударуы өте маңызды. Дәрігерге үнемі бару, дұрыс тамақтану және жаман әдеттерден аулақ болудан басқа, болашақ ана мен оның баласын қамқорлық пен сүйіспеншілікпен қоршау да маңызды. Таза ауа, сау және толық ұйқы, рұқсат етілген гимнастика екеуінің де денсаулығы үшін маңызды фактор», — дейді Екатерина Слободенюк.
Сондай-ақ, дәрігер ата-анаға арналған прегравидальды дайындық — ерлі-зайыптылардың медициналық тексеруден өтуіне кеңес береді.
Прегравидальды дайындықты бастаудың оңтайлы мерзімі жоспарланған жүктіліктен 7-10 ай бұрын.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз