Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Ресейге салынған санкциялар АҚШ пен Еуроодаққа да кесірін тигізіп отыр

admin by admin
10 марта, 2022
Ресейге салынған санкциялар АҚШ пен Еуроодаққа да кесірін тигізіп отыр

Санкция – топтық ойын. Жаһандық экономика өзара байланысты болып келеді және бір елде болып жатқан оқиға басқаларға әсер етуі мүмкін. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы соның айдан анық бір мысалы.

Байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

Санкциялар

Санкцияға келер болсақ, жиі қолданатындығы үшін, ең бірінші болып Америка Құрама Штаттары есімізге түседі. Бірақ олар жалғыз әрекет етпейді. АҚШ санкцияларды басқаларға қарсы өз позицияларын өткізу үшін қысым көрсету құралы ретінде қолданатын елдердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкцияларды енгізудің негізгі органы болып табылады. Ол одаққа мүшелік ететін мемлекеттерге нақты бір міндеттемелерді жүктеуге құқылы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі өзге мемлекеттерге немесе ұйымдарға құқық бұзушыларға қарсы шара қолдануға рұқсат бере алады.

Мәселен, Ресейдің Қырымды күшпен өз мемлекетіне қосып алуына және Украинаға әскерін кіргізгені үшін жауап ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресейге қарсы экономикалық санкциялар салды. Олар Ресей экономикасына зиянын тигізіп, Украинадан әскерін шығарту үшін, қысым көрсетпекші болды.

Негізі, бұл әрекеттердің барлығы Ресей Федерациясының экономикасын тұншықтырып отырғаны рас, бірақ санкциялар тек біржақты жұмыс істемейтінін тағы ескеру керек.

Әуе жүк тасу жолдары

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Әуе мәселесіне келгенде Ресей әуе кеңістігі алып мемлекет екенін түсінеміз. Бұл аумаққа ұшу қымбат және ыңғайсыз боп келеді, әсіресе еуропалық әуе компаниялары үшін үлкен қолайсыздық тудырады. Сондықтан соңғы айларда еуропалық компаниялардың акциялары күрт төмендеді.

Ресей өз тарапынан жауап ретінде ресейлік әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салатын санкцияларын енгізді. Олар әуекомпанияларды онсыз да үлкен шығындарының үстіне одан бетер қаржылық шығынға батырды. Нәтижесінде «еуропалықтардың» акцияларының бағасы айтарлықтай -6%-дан -32%-ға дейін төмендеп кетті.

Косметика, фармацевтика және құрылыс материалдары

Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі логистикалық мәселелерге байланысты химиялық компанияларға метанол өнімдерін Еуропаға экспорттауды тоқтатуды ұсынды. Бұл ЕО-ның химия өнеркәсібі күрделі мәселеге тап болуы мүмкін дегенді білдіреді. Метанол пентаэритритол және уротропин сияқты маңызды өнімдерді өндіруге арналған шикізат болып табылады. ЕО нарығында осы заттардың ресейлік өндірушілерінің үлесі 40% (пентаэритритол) және 50% (уротропин) құрайды. Еуропалық реттеушілер одақта бұл өнімдердің жеткіліксіздігі еуропалық құрылыс материалдары, фармацевтика, косметика, химия өнеркәсібі және т.б. шикізаттың тапшылығы күрделі мәселелер тудыруы мүмкін екенін жақсы түсінеді.

Тыңайтқыш

Индустрия және сауда министрлігі қалыпты тасымалдау және жеткізу туралы шарт кепілдігі қалпына келгенше тыңайтқыштарды экспорттауды тоқтату керек екенін мәлімдеді. Ведомство кейбір шетелдік логистикалық компаниялардың жеткізілімдерге жасаған саботажынан соң Еуропадағы да, басқа елдердегі де фермерлер тыңайтқыштың қажетті мөлшерін ала алмайтынын айтты.

Егіс маусымы қарсаңында еуропалық және американдық фермерлер бұрын Ресейден экспортталған тыңайтқыштардан мақрұм қалды, яғни, алдағы уақытта нарықтағы барлық жер өндірісіне байланысты маңызды өнімдердің бағасына қатты әсер етеді деген сөз. Ресей Федерациясының әлемдік нарықтағы үлесі келесідей: калий тыңайтқыштарының әлемдік экспортының үштен бірі, азот тыңайтқыштарының шамамен 10% және күрделі тыңайтқыштардың шамамен 20%.

Тыңайтқыш тапшылығының орнын толтыру мүмкін емес. Тыңайтқыштар жоқ. Әрине, Ресейден бөлек сапалы тыңайтқыштар Беларусияда да бар, бірақ өкінішке қарай ол да санкция астында қалып қойды. Соның салдарынан көптеген шаруалар тыңайтқышсыз қалды. Осының барлығы Еуропа мен Америкада өмір сүруге қажетті өнімдер бағасының өсуіне алып келеді. Ал жарты жылдан кейін әлемдік азық-түлік нарығында дефицит болады, әсіресес бидай тапшылығы туындайды. Бұл жерде тағы бір мәселе бар: Ресей бидай нарығында әлемдік көшбасшы болып тұрғаны ғой, қызық, солай ма?

Және тағы бір сұрақ: Еуропа кімнің өмірін нашарлатпақшы? Өйткені, қазір Ресей Федерациясының бидайын ескі әлемге шығару мүмкін емес, ал Қытайға еш кедергісіз экспорттауға болады. Оларға бидайға әсіресе мұқтаж.

Ең қызығы: жартылай өткізгіштер мен чиптер.

Өйткені, бүгінде Ресей Федерациясы сапфир субстраттары нарығының 80 пайызын құрайды – ірі және микроэлектроникада кремний сияқты әртүрлі материалдардың қабаттарын құру үшін қолданылатын жасанды тастан жасалған жұқа тақталар. Олар әлемдегі барлық процессорларда қолданылады — AMD мен Intel де сол тізімге жатады.

РФ позициялары аса таза компоненттерді пайдалана отырып, чиптерді өңдеудің арнайы химия саласында да осал емес. Осы мақсаттарға пайдаланылатын әртүрлі сирек жер элементтерінің дүниежүзіндегі жеткізілімінің 100%-і Ресейдің үлесіне тиеді. Ресейден дайын өнімді жеткізуге тыйым салынса, жауап ретінде өндірістік құрамдас бөліктерді жеткізуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл бүкіл әлемде процессорлардың қатты жетіспеушілігін тудырады.

Еуропа бәрінен көп зардап шегуде

Дизель

Соңғы кездері Еуропада дизельдік отынның бағасы өсіп жатыр. Егер бір апта бұрын ол 1,80 еуро болса, қазір ол 2 еуроға көтеріліп,2,20 орындарда. Бұл рубль курсының құнсыздануымен салыстыруға болады.

Газ

Сонымен қатар, газ бағасы ғарыштық деңгейге дейін өсіп кетті. Сауда-саттықтың ашылуында олар 7 наурыз көрсеткіштерімен салыстырғанда 30%-тен астамға, яғни мың текше метрге үш мың доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлайды Лондон ICE биржасы.

Энергетика

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс британдықтар экономикалық әсерін және энергетика ресурстарының тапшылығын сезіп отырғанын мәлімдеді парламентте сөйлеген сөзінде.

«Әрине, бұл санкциялар британ халқына электр қуаты мен күнкөріс құны тұрғысынан экономикалық шығын алып келеді, бірақ бұл шығындар Украина халқына көрсетілген айуандық қысымнан кейінгі шығындарымен салыстырғанда ештеңе емес. Сонымен қатар Путин діттеген мақсатына жетсе, не болатынын ешкім білмейді. Өйткені, біздің білуімізше, егер Путин Украинада жеңілмесе, оның амбицияларында шек болмайды», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Еурокомиссияның атқарушы вице-президенті:

«ЕО үшін биылғы жылы ресейлік газдың үштен екісіне баламасын табу өте қиын болады, бірақ мүмкін емес демеймін».

Америка да зардап шегуде

АҚШ-та бір галлон бензиннің орташа бағасы 2008 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті және қазір $4,17 құрайды. Оған қоса бағаның өсуі жалғасуда. Жақын арада баға $4,29 жетеді деген болжам бар. Бұл автокөлік жүргізушілерін де, жалпы американдық экономистерді де қатты алаңдатады.

Біріккен Араб Эмираттары Байденмен келіссөз жүргізуден бас тартты

БАӘ мен Сауд Арабиясының басшылары АҚШ президентінің телефон қоңырауларына жауап беруден бас тартты. Әлемдік мұнай бағасы арзандауы үшін, оларды мұнай өндіруді арттыруға көндірмекші. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады. Алайда басшылар Путинмен де сөйлесті.

Ресейге кім оралды

Toyota

Әлемдегі ең ірі көлік өндіруші Toyota компаниясы Ресей нарығына қайта оралуда. Toйота мен Лексустың Ресейден бөлінетіні хабарланғанына бір аптадан аз уақыт өтті. Бұл жаңалық көпшілікті таң қалдырды, өйткені Ресей нарығы баяғыдан бері біраз уақыт бойы құлдыраған күйде еді. Мүмкін Toyota басқа автоөндірушілердің елден кетіп жатқанын пайдаланып қалғысы келген болар. Оған да айып жоқ, мұндай қиын жағдайда барлығы ақша табуға тырысады.

BBC

Британдық хабар тарату корпорациясы (BBC) төрт күндік үзілістен кейін Ресейдегі жұмысын қайта бастайды. Би-би-си хабар таратуды тоқтатқан болатын, себебі ол Ресейде «Украинадағы оқиғаларды біржақты көрсетуге тырысты» деп, алаңдаушылығын білдірді.

Қазақстандағы жағдай қандай?

Графикте қазақстандық мұнайды ең көп импорттайтындар тізімі көрсетілген. АҚШ пен Ұлыбритания бірінші орында емес, бірақ бұл жердегі кілтипан қазақстандық мұнай экспортының 70%-тен астамы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Ресейге өтуінде жатыр. Тіпті қазірдің өзінде мұнай танкерлерге құйылып, әрі қарай жөнелтілуде.

Рас, Ресей мұнайының АҚШ-қа жеткізілуіне тыйым салу Қазақстанға әзірге әсер етпейді, өйткені КҚК-ға санкцияның ұшы тимейді. АҚШ қазыналығы Ресейге мұнай импортына тыйым салу Каспий құбыр консорциумы арқылы жеткізілетін Қазақстан мұнайына әсер етпейтінін растады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Келесі жаңалық

Кәрім Мәсімов ісі: ҰҚК жаңа деректерді фотосымен жариялады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды
Басты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

10 июля, 2025
Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы
Саясат

Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы

20 июня, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

21 января, 2025
Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Басты

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

15 января, 2025
Келесі жаңалық
Кәрім Мәсімов ісі: ҰҚК жаңа деректерді фотосымен жариялады

Кәрім Мәсімов ісі: ҰҚК жаңа деректерді фотосымен жариялады

Алматы «қызыл» аймақтан шықты

Өткен тәулікте 119 адам коронавирус жұқтырды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев: Ұлттық жобалар халықтың тұрмыс сапасын нақты жақсартуы тиіс

Тоқаев: Ұлттық жобалар халықтың тұрмыс сапасын нақты жақсартуы тиіс

17 июня, 2021
Қыстық спорт түрлерінен 50%-ға дейін қалай үнемдеуге болады: жалға алу туралы 10 факт

Қыстық спорт түрлерінен 50%-ға дейін қалай үнемдеуге болады: жалға алу туралы 10 факт

22 декабря, 2024
Теңге нығая бастады

Теңге нығая бастады

3 марта, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.