Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Closeup of businessman making a pyramid of wooden cubes with Dollar sign on them. Concept of financial planning.

Ақмола облысында 450 миллион теңгеден аса шығын келтерген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатқан.

— Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына екі мыңнан аса адам тартылған. Шығын 450 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Агенттік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабында және ҚР ҚК-ның 217-бабында қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.