«30 мамырда сағат 10.35-те Атырау қаласындағы С.Датов көшесінің бойында орналасқан алты қабатты үйлердің бірінің балконынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 7 адам құтқарылды, оның ішінде бесеуі бала, 44 адам, оның ішінде 15 бала 5 және 6 қабаттан баспалдақ арқылы, сондай-ақ құтқару қақпақтарын пайдаланып дәліздің баспалдақтары арқылы 44 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды.
Шақыру орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың тұтанғанын анықтады. 30 шаршы метр көлеміндегі тұрмыстық заттар жанған.
Өрттің шығу себебі анықталуда, зардап шеккендер жоқ.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылған.
Фото дереккөзі: Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті