Тоқаев Алматыға келді

Тоқаев Алматыға келді

Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.