Тоталитаризмнің қылмыстары халқымыздың санасында терең із қалдырды, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің қылмыстары халқымыздың өзіндік санасында терең із қалдырды. Жазықсыз жапа шеккендердің барлығына әділеттілік орнатып, тарихтың осынау қара беттерін зерттеуді жалғастыру маңызды», – деп жазды Тоқаев сәрсенбіде Twitter-дегі парақшасында.
Оның айтуынша, әрқайсымыздың міндетіміз – өткеннің сұмдық сабақтарын алып, алдағы уақытта мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.
«Біз ұлт бірлігін және гуманистік мұраттарға деген сенімін сақтай отырып, ең қиын сынақтардан сүрінбей өткен ата-бабаларымыздың үмітін ақтауға тиіспіз», – деп қосты Тоқаев.
Фото дереккөзі: Ақорданың баспасөз қызметі.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз