Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ең бастысы – ел тұтастығы

admin by admin
19 апреля, 2023
Ең бастысы – ел тұтастығы

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары еліміздің батыс өңірінде мұнай-газ кәсіпорындарында қызмет көрсететін сервистік компаниялардың жұмысшыларының ереуілдері жиі орын алып жүр. Күні кеше Жаңаөзендегі жағдай тағы да ушықты. Неге? Мұнайлы өлкенің мүмкіндігі  зор бола тұра жұртты жиі дүрліктіретін  мұндағы түйткіл сыры неде?

Байланысты

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

Жұмыссыздыққа және еңбек дауларына қатысты мәселелер мәжіліс мінберлерінде де көтеріліп келеді. Бүгінде еңбек даулары әрі қарай жалғасып, ушыға түспеу үшін құзырлы мекеме басшылары мәселенің түйінін шешу барысындағы жұмыстарды назарға алып, қатаң бақылауға алып отырғаны да белгілі.

Маңғыстау облысы – Қазақстан үшін өте маңызды стратегиялық аймақ.      Кейінгі жылдары өңірде  халық саны күрт өскені байқалады. Маңғыстау облысына Түрікменстан, Өзбекстаннан келген қандастар  көп қоныс аударған. Жаңаөзендегі сервистік компанияға қатысты жағдайдың басты себебі,міне,  осы мәселеден туындап отырған сияқты. Жалпы, жоғарыдағы сервистік компанияларға қатысты жағдайдың басты себебі – екі қолға бір күрек іздеп келетін Маңғыстау облысымен шекаралас Түркіменстан, Өзбекстаннан келген қандастардың арандатушылық әрекеттері ме деп ойлаймын.

Өйткені, сервистік компанияда істейтін мұнайшылар 700 мың теңге жалақы алады дейді. Ендеше олар неге үнемі жалақыны, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды көбейтуді талап ете беретініне қайранмын. Арнайы кәсіби білімі жоқ болса да  сырттан келген келімсек мигранттар тек мұнай секторында жұмыс істеуді талап етуі қалай? Мұнай маманы емес келімсектердің бұл талабы қаншалықты орынды?! Мәселен, Қызылорда облысындағы мұнай-газ өндірісіне қызмет көрсететін ұқсас сервистік кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы жаңаөзендік мұнайшылардың алатын айлық табысынан екі есе аз! Бұл осы саладағы жалақының қазіргі деңгейін көрсетсе керек.

Деректерге сүйенсек, жыл­ сайын орта есеппен елімізге тек­ Өзбекстаннан 140 мыңнан аса адам келеді екен. Қырғыз Респуб­­­­­­­лика­сынан — 80 мың. Әлбетте, еңбек миграциясы кез келген мемлекет үшін екіұдай мәселе. Бір жағынан арзан еңбек күші, нарықтағы шағын кәсіпкерлер үшін таптырмас жұмысшылар. Бірақ, олардың арасында да  маманы, маман емесі, қылмыс жасайтындары, жұмыссыз қазақстандықтарға қызмет орны үшін бәсекелес болатындары жетерлік. Жоғарыдағы ереуілді ұйымдастыруға осы еңбек мигранттарының да «үлесі» бар ма деймін. Арнайы салалық білімі жоқ (басым көпшілігінде мүлдем білімі жоқ) өңірдегі мигранттар тек мұнай секторына ғана жұмысқа орналасуды негізсіз талап етіп отыр. Ойлап қараңызшы, жалақылары  өзге өңірлердегі әріптестерінен бірнеше есе жоғары бола тұра ереуілге шығып, 200-дей жұмысшы бір мезгілде Астанаға сапарлап, бір сәтте  орталықта тоқайласа қалуы – бұл шараның артында белгілі бір күштер тұрғанын айғақтайтындай. Ел тыныштығын бұзу үшін мұндай арандатушылықты әдейі ұйымдастыратын сыртқы күштер бар ма деген ой қылаң береді санада.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар–ақпан айларында мигранттар жасаған қылмыстардың саны 10 пайызға артып, 7 мыңға жеткен. Сондықтан елде шетелдік жұмысшыларға берілетін еңбек квотасын азайту туралы ұсыныс Парламентте қаралып жатыр. Бұдан былай еңбек мигранттарына жұмыс берушілерге салық салынуы мүмкін.

Қалай десек те, бұл мәселе бойынша еліміздің құзіретті  органдары тарапынан  нақты әрі тиімді  шешім қабылданары сөзсіз. Бұл – құптарлық жағдай. Елді дүрліктірген түйткілді сауатты түрде, ақылмен шешкен абзал.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ең бастысы   –  еліміздің тұтастығы, татулығы мен тыныштығы. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарау үшін арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермей өмір сүрсе дейміз. Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі болмайынша, мемлекетіміздің тұтастығын сақтау мүмкін емес. Сондықтан мәселені ақылмен, ұлттық  мүддені ескере отырып, оңтайлы шешу – өте маңызды. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбірлігіміз бен  ынтымағымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артатын болады.

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Категориясыз

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

15 июля, 2026
Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
Категориясыз

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

15 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

15 июля, 2026
ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

14 июля, 2026
КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда
Категориясыз

КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда

14 июля, 2026
Қазақмыс қызметкерлерінің 1200 баласы жазғы демалыс бағдарламасына қатысты
Категориясыз

Қазақмыс қызметкерлерінің 1200 баласы жазғы демалыс бағдарламасына қатысты

14 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

29 декабря, 2020
ФИФА ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты

ФИФА ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты

29 июня, 2023
«СҚ-Фармация» ісі бойынша тек бір күдікті бар

«СҚ-Фармация» ісі бойынша тек бір күдікті бар

29 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
  • Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.