Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Француз зерттеушілер тобы Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жақсарту жобасы бойынша Алматыға келді

admin by admin
18 января, 2023
Француз зерттеушілер тобы Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жақсарту жобасы бойынша Алматыға келді

Француз делегациясы Алматыдағы онкологиялық орталықта, сонымен қатар скрининг жүргізілетін емханалардың ішінде N4 және N23 қалалық емханаларда болды.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Жұмыс сапары аясында қонақтар маммолог, онколог, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі меңгерушілері, ЖТД, сәулелік диагностика, УДЗ және маммография мамандары, рентгенолог, рентген-лаборант, учаскелік медбике жұмысы және жабдығымен, сондай-ақ диагностиканың қалай жүргізілетінімен (мақсатты маммография, УДЗ, пункциялық биопсия) танысты.

Іс-шара барысында Франциядан келген зерттеушілерге «Тіркелген халық арасында қатерлі ісік ауруын ерте анықтау үшін скрининг» тақырыбында презентациялар көрсетілді.

Сүт безі ауруларын ерте диагностикалау қазіргі заманғы медицинаның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде сүт безінің түрлі патологиялары бар әйелдер санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Алматыда сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Өткен жылдың өзінде 728 жағдай анықталды. Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Избагамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта сүт безі қатерлі ісігінің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші барлық кезеңде анықтауды ескере отырып 70% және одан да көпті құрайды. Ерте кезеңде анықталғанда бұл көрсеткіш 90%-ға дейін жетеді. Түрлі локализация кезінде 5 жылдық өмір сүру пайызы да әр түрлі, бірақ ауру неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым жақсы емделетіні анық.

Кездесу Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Кюри институты (Франция) арасындағы Қазақстанда сүт безі обырын ерте диагностикалау және маммографиялық скрининг тиімділігін арттыру жобасын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті.

«Сүт безі обырын ерте анықтау бойынша скринингпен айналысатын мамандар үшін француз тарапы өкілдерінің біздің жұмысымыз туралы пікірін білу, скрининг сапасына мониторингті жақсарту бойынша ұсыныстарын тыңдау қызықты болды. Кюри институтымен ынтымақтастық Қазақстанда сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скрининг сапасын арттыруға әкеледі деп сенеміз», — дейді АОО бас дәрігерінің орынбасары Жанна Кужаева.

Жоба өңірлері ретінде Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары анықталды.

Қазақстанда скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Бағдарлама сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, тоқ ішек пен тік ішек обырын ерте анықтау үшін онкологиялық скринингті қарастырады, өйткені бұл қатерлі ісіктердің жиілігі жоғары.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Скрининг тіркеу орны бойынша емханада – міндетті әлеметтік-медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізіледі.

Есіңізде болсын — ерте диагноз өміріңізді аман алып қалады!

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Депутат әкімдердің қызметін бес жылға шектеуді ұсынып отыр

Келесі жаңалық

Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға шақырды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға шақырды

Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға шақырды

Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілді

Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мемлекеттік орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу туралы ақпарат

Мемлекеттік орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу туралы ақпарат

6 мая, 2025
«Қазақмыс» Жезқазған өндірістік алаңын жаңғыртуға ауқымды инвестиция бағыттауда

«Қазақмыс» Жезқазған өндірістік алаңын жаңғыртуға ауқымды инвестиция бағыттауда

17 июня, 2026
FlyArystan инклюзивті ортаны дамыту бастамаларын қолдайды

FlyArystan инклюзивті ортаны дамыту бастамаларын қолдайды

2 апреля, 2026

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.