АМТ-ға қарасты барлық шахталардың жұмысы тоқтатылды

АМТ-ға қарасты барлық шахталардың жұмысы тоқтатылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясына тиесілі 8 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqpress.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде барлық шахталардың жұмысы тоқтатылғанын растады.

«Барлық шахталардың жұмысы бір тәулікке тоқтатылды», — деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.

Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.