Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Экономика

Салық жөнінде: конференцияда не айтылды?

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
26 ноября, 2022
Салық жөнінде: конференцияда не айтылды?

25 қарашада Алматыда «Бейрезиденттерге салық салудың өзекті мәселелері. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбына байланысты конференция өтті.

Байланысты

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Конференцияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек Мәулітбекұлы; ҚР Жоғары сотының судьясы Гүлжан Жақсылыққызы Әлмағамбетова; Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Біржанов Ержан Ерікұлы; ҚТҰ Басқарушы кеңесінің төрайымы, Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы; ҚҚС басқармасы бастығының орынбасары Мұстафин Ержан Маратұлы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Ермағамбетұлы Саудабаев және т.б. қатысты.

Конференцияда «Салық заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері», «Салық базасының тетіктері арқылы пайда табатындарға қарсы шара ретінде салықтық келісімдерге байланысты шараларды жүзеге асыру туралы көпжақты конвенция» сияқты мәселелер қозғалды.

КТС және ҚҚС бойынша қосымша өндіріп алу негіздеріне келетін болсақ, Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызы дүйім жұртпен амандасып, заң жобасына енгізілген өзгерістердің қысқаша мазмұнын баяндап, «салық органдарына жалған шот-фактуралары арқылы жасалған келісім-шарттарды дау шығарып, күшін жоюға қатысты өтініш беру міндетті емес» деген тұжырымға келді. Сондай-ақ, Гүлжан Жақсылыққызы, Жамбыл облыстық сотының судьясы Әкетаев Ардақ Аманжолұлының заңнамалық жобаның 5-тармағы бойынша, яғни «еңбек және материалдық ресурстардың жетіспеушілігі мәмілені жарамсыз деп тануға негіздердің бірі болып табылады» деген бап бөлігіне қатысты мамани сауалына Еңбек және материалдық ресурстар әлі күнге дейін сот үкімін шығару кезінде ескерілуде, бірақ соттарға нұсқаулық ретінде әрбір тармақшаны арнайы жазып отыру міндетті еместігін айтты. Заң жобасының толық нұсқасымен Жоғары Соттың сайтында танысуға болады.

Сонымен қатар сайтта кілт сөздерге сүйеніп, іздеу арқылы жалған кәсіпкерлікке қатысты қолданылатын шаралар туралы білуге болады. Жалған кәсіпкерлік мәселесімен қызыққан конференция қатысушысының айтуынша, жалған кәсіпкерлікке байланысты заңнама Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауысып, жалған кәсіпкерлердің саны қайта өсіп кеткенін айтты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бұған дейін Жәнібек Мәулітбекұлы Нұржанов «бизнес тіркелу жүйесін жеңілдетуді өзі сұрағанын» түрткен болатын. Сондықтан, қазір мониторинг жүргізу әлдеқайда қиын, ал пирамидалар Қазақстан Республикасында жайқалуда. Әзірге жағдайды әрі тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі деген мақалмен сипаттауға болады.

Оған қоса горизонталды мониторингті (есеп жүйесінің деректеріне қол жеткізу) міндетті қылады ма деген сұраққа Ержан Ерікұлы жоқ деп жауап берді. Кәсіпкер оны ерікті түрде, өз қалауымен орната алады.

Онымен қоймай аудитория ішінен аса назар аударарлық тұлға болды. Ол өзін «АқтөбеМұнайГаз» АҚ өкілі деп таныстырды. «ҚР Қаржы министрлігі Ресей мен Қазақстан шекарасында құбыр арқылы мұнайды қабылдау және өткізу пункттерін жасайды ма?», – деген сұрағынан кейін Жаннат Жұрғалиқызы да, біз де таңырқап қалдық. «Өндірілетін мұнай баррелін есептеп, бағасын орнату үшін коэффициентті қайдан алуға болады?», – деп сұрағын өзгеше жеткізгеннен кейін қабылдау және жеткізу пункттері Саратов облысында екенін қоса айтты.

«Өкінішке қарай, біз не алатынымызды білмейміз. Саратов деректерін бе, [әлде] Қасымованың ба? Қасымова дәл қазір бізге бермей жатыр», – деді ол наразылығын білдіріп.

Жаннат Жұрғалиқызының «қай жылдан бері білмейсіз?» деген сұрақтан соң мұнай базасының өкілі 2019 жылдан бері жаңа ақпарат ала алмай жүргенін айтты. Бұрын Қасымовтан алатынын, ал қазір Қасымова ештеңе бермейтінін тағы айтты. Жаннат Жұрғалиқызы адам мұнай өндірісімен айналысып, не өндіріп жатқанын білмегені күдікті екенін түрткен болатын.

«Өкінішке қарай, солай», – деп жауап берді ол ҚХА Басқарушы кеңесі төрағасына бәсеңдеп.

Кедендік әкімшілендіруге келсек, Ержан Маратұлы тауардың ілеспе шот-фактурасына (сопроводительная накладная на товар) байланысты пилоттық жобасын ұсынды.

Ал конференция соңында С.Елдос кедендік инфрақұрылымды жаңғыртудың егжей-тегжейлі жоспарын назарға ұсынды. Өткен жылы ҚР мен ҚХР арасындағы экспорт саласында анықталған жемқорлық статистикасы 40% екені жарияланған еді. 9 айдың ішінде жаңғыртудың арқасында Қазақстан Республикасында экспорт саласындағы жемқорлық көрсеткіші 9%-ке төмендегенін мәлімдеді.

Жаннат Жұрғалиқызының «[Сыбайлас жемқорлықтың] тенденциясын 0-ге дейін қалай төмендетуге болады?» деген сұрағына спикер:

«Бизнес-процестер мен жүйелерді интеграциялап, автоматтандыру арқылы», – деп жауап берді.

Жаннат Жұрғалиқызы спикердің мәлімдемесі әлі де түсініксіз екенін айтты. Өйткені, 30 жылдың ішінде барлық министрлерден тек салыстырмалы көрсеткіштер туралы естіп келе жатқанын айтты.

«Бірақ жоспарланған дүниелердің бәрі де біртіндеп іске асырылатынына үміттенемін», – деп түйіндеді дискуссияны Жаннат Жұрғалиқызы.

Қорытындыда Жаннат Жұрғалиқызы конференция қатысушылары мен қызметкерлерге алғысын білдіріп, іс-шара демеушілерін марапаттады.

«Алдымен бүгінгі жиында бізге тіркелуге де, [қонақтар арасында] микрофон тасып жүруге де көмектескен сұлу қыздарға үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл қыздарды бізге Алматы қаласындағы МКД-дан жіберген болатын. Осындай әдемі боп, жарқырап жүріп, көмектескендеріңізге көп рахмет! Сіздерге тезірек [қызмет жолында] өсіп, баршаңызға мәлім бір адамның орнын басуға тілектеспін», – деді ол ізгі тілекпен.

Конференцияның толық нұсқасымен Қазақстан салық төлеушілер ұйымының ank.kz ресми сайтында танысуға болады.

Tags: экономикаҚазақстанҚазақстан салық төлеушілер ұйымы
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Неге екені белгісіз, бірақ «Қазфосфат» кәсіпорнының жұмысшылары тағы да ереуілге шықты

Келесі жаңалық

Өкінішсіз өшкен шырақ

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
Категориясыз

Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады

15 мая, 2026
Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды
Категориясыз

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

14 мая, 2026
Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті
Категориясыз

Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті

14 мая, 2026
Келесі жаңалық
Өкінішсіз өшкен шырақ

Өкінішсіз өшкен шырақ

1 сағат интернетсіз отырдық

1 сағат интернетсіз отырдық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Space Days Kazakhstan – 2025 халықаралық форумы басталды

Space Days Kazakhstan – 2025 халықаралық форумы басталды

8 сентября, 2025
Қарағандылық әйел әлеуметтік желілерде порно-видеоларын 7 мың теңгеге сатқан

Қарағандылық әйел әлеуметтік желілерде порно-видеоларын 7 мың теңгеге сатқан

28 октября, 2020
Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды

Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

10 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.