Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Өкінішсіз өшкен шырақ

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
26 ноября, 2022
Өкінішсіз өшкен шырақ

26 қарашада ақын Ануар Омардың құрметіне орай «Бір тамшы ғұмыр» атты еске алу іс-шарасы өтті.

Байланысты

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

«Avangard» ақындар тобының мүшесі Абай Қапабаев Ануар Омардың «нашу встречу осыпал снег…» деп басталатын өлең шумақтарымен іс-шараның басын ашты.

Ануар Омардың «Шаги проникновения» атты кітабынан бір-екі өлеңінен сусындаған аудитория назарына іс-шараға қатыса алмаған жандардың өз қолдарымен жазылған Ануар жайлы естеліктері ұсынылды. Естеліктердің бірінде:

«Былағат сөз қосып, асты-үсті жаза беретін «кейбір» жалған ақындар бар қазір. Ал, елорданың құрылуына куә болған Ануар сынды нағыз ақындар аз», – деп жазылған.

Одан соң сөз кезегі Дина Оразға берілді. Дина Ораз автор кітабында жарияланған «Кітаптар философиясы» атты өлеңін оқып, Ануардың өмірбаянын толықтыру үшін қысқаша презентация дайындап, слайд-шоу ұйымдастырды.

Презентация үстінде Дина Ануармен бірге өткізген іс-шаралары мен түрлі өмірлік оқиғаларын еске алып, жұбанды.

Қайтқан адам жайлы жаман айтпайды дейді, алайда іс-шараға қатысқандар Ануардың шынайы қырын бүйір бүкпей турасынан айтып, ақкөңілдігін, сезімталдығын және кітапқұмарлығын, кітаптан бөлек гүлден нәзік жандарға деген әлсіздігін де әсем түрде жеткізе білді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Тұлға жайлы айтқанда оның үлгі тұтатын кісілерін де ұмытуға болмайды. Себебі, адамның пірі туралы ақпарат өзінің тұлғасы жөнінде де біраз айтып береді.

Сондықтан Елизавета Геттингер Ануардың өлеңінен соң екеуінің де ортақ сүйікті ақыны – Олжас Сүлейменовтың да өлеңін құлақ құрышын қандырып, оқып берді.

Ал, Азамат Байғалиевтің пайымдауынша, Ануар расымен де өз заманының адамы емес болған көрінеді.

«Негізі Ануар орта дәуірдің Парижінде туылу керек еді. Естеріңізде болса ежелгі шегетін трубкалар бар ғой, соны аузына қыстырып алып, шығармашылықпен ғана айналысып отыратын адам ғой ол, әттең! Елорданы бәрі кілең шенеуніктер қаласы дейді. Жоқ, ол олай емес! Астана – нағыз шығармашыл адамдардың қаласы. Қайда қарасаң барлығы да шетінен бір-бір ақын, бір-бір жазушы, прозаик. Өкінішке қарай, бұл шығармашыл адамдар немен айналысса да шығармашылықпен айналыспайды. Қажеттіліктен туындаған жұмыстың соңынан жүгіреді, амалы қанша? Әйтпесе Ануар – кәсіби ақын. Өз саласының, сөз арнасының шебері еді. Бірақ, ең қызығы, қанша жерден қаланың күйбең-тіршілігі қиын болғанмен, Ануар қыр мен таулар асқан даладан көрі шаң мен түтін басқан қаладан көбірек шабыттанатын. Себебі, ол шулы қаланың түбінен оның шуағын көретін», – деді ол.

Сонымен қатар Оразбаева Наркес (Inst: @narkesus) Ануарға арнап шығарған авторлық әнін мұңлы сарынмен шырқап берді.

Іс-шара «Astana Polytechnic» жоғары колледжі студенттерінің орындауында А.Омардың өлең үзінділері оқылып, кең дастарханмен қорытындыланды.

Қатысушылар мен автор туыстары Ануар Омардың құрметіне орай ұйымдастырылған кештің жетекшісі Дина Оразға үлкен алғысын білдіріп, барша ат салысқан жастарға баталарын жаудырды.

Tags: іс-шараА.ОмарАстанаөлең
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Салық жөнінде: конференцияда не айтылды?

Келесі жаңалық

1 сағат интернетсіз отырдық

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
Категориясыз

Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады

15 мая, 2026
Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды
Категориясыз

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

14 мая, 2026
Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті
Категориясыз

Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті

14 мая, 2026
Келесі жаңалық
1 сағат интернетсіз отырдық

1 сағат интернетсіз отырдық

Тоқаев Самарқанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев үш агенттік басшыларын қайта тағайындады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бала суға батып кетті

Нұр-Сұлтанда бала суға батып кетті

19 августа, 2021
17 тамызға қарай теңге бағамының болжамы

17 тамызға қарай теңге бағамының болжамы

17 августа, 2022
Ақтөбе облысындағы ауыл әкімінің өліміне кінәлі сотталды

Ақтөбе облысындағы ауыл әкімінің өліміне кінәлі сотталды

18 июля, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.