Банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен жұмыстан шығарылған инкассатор Нұр-Сұлтанда ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, бұған дейін күдікті инкассатор болып жұмыс істеп, терминалда ақша инкассациясын жүргізген. Жұмыстан босатылғаннан кейін ол бір кілтті тапсырмаған.
«Кешкі уақытта бұзақы «Магнум» супермаркетіне келген. Терминалға келіп, аппаратты кілтпен ашып, 3 800 000 теңге сомасында ақша алған. Ақшаны сөмкеге салып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді полиция қызметкері.
Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз