Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты

Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді, — деп ждазды Берік Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Алексей Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.