қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Қазақстандағы этносаяси ахуал

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
Қазан 21, 2021
Қазақстандағы этносаяси ахуал

19 қазанда Еуразия Ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасында Қазақстан халық Ассамблеясының төраға орынбасары Әзілханов Марат Алмасұлының және ЖШС «Этносаяси зерттеулер институтының» төраға орынбасары Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызының қатысуымен «Қазақстанның этносаяси ахуалы» тақырыбында ашық алаң өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Іс-шара екі тілде болды. Спикерлер жоба тақырыбын төрт бағытта ашты: мемлекеттік саясат, Қазақстан халық Ассамблеясының саяси өндірістік тәжірибесі, ұлттық бірегейлікті сақтау мен қазақстандықтар туралы дұрыс түсінікті қалыптастырудың жаңа әдістері, оның кедергілері.

Іс-шараны бастамас бұрын, Марат Алмасұлы этно-магистранттармен көптен бері танысқысы келгенін айтты. Магистранттардың арасында: Нұрбол Саматов, саясаттану мамандығының 1 курс магистранты және дінтанудың бакалавриаты, Жусанова Мадина, саясаттану мамандығының 2 курс магистранты және Әл-Фараби атындағы КазГУ-дің саясаттану бакалавриаты, Сәкен Хамит Берікұлы, саясаттану мамандығының 1 курс магистранты, көлік техникасының бакалавриаты.

«Сіз жайлы естігенім бар. Мадина Маратовна және т.б. менің қазіргі әріптестеріммен кезінде жұмыс істегеніңізді де білемін. Өзімнің бұрыңғы мамандығымнан кейін, осы саясаттануға түскім келді негізі, себебі қазіргі заманның мәселелерін көтеріп, талқылаудан бөлек оның шешімін де ұсыну керек деп ойлаймын», деді Нұрбол.

Танысу кезінде магистранттар мен спикерлер тәжірибе алмасты. М. Алмасұлы Қазақстанның этносаралық саласының сатылы түрде дамуын шолып өтті және ҚХА-ның құрылымы мен қызметтері жайлы айтты. Сонымен қатар мемлекеттің дамуына ең әуелі, фабрикалар мен зауыттар емес, ұлттық бірегейлік керек екенін айтты. Себебі Қазақстанның ұстанған саясаты көпэтностық демократия. Яғни, ҚР Конституциясына байланысты ұлттық шығу тегіне қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік берілген.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бірақ ҚХА төраға орынбасарының айтуынша, «Израиль саясаттанушылары жуырда ұлтаралық қақтығыстарда Қазақстанды бірінші орынға қойды» және 2020 жылдың 8 ақпанында болған Қордайдағы қақтығысты мысал ретінде келтірді. Алайда ол түркітілдес халықтардың дәстүрі мен өмір салтының ұқсастығына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңында Қазақстанда мекендейтін әр адамның Қазақстан азаматы ретінде құқығы барына сүйене отырып, Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас өзара достастық деңгейінде екенін айтты.

Сонымен қатар Айгүл Кәкімбекқызы прогресс бар жерде ұлттық болмыстың басым бөлігі күрт өзгеретінін айтты. Себебі келешек бабалардың шаруашылығын, мәдениетін, өмір салтын сақтай алмайды, сақтай алса дами алмайтынын түсіндірді. Дегенмен, әрбір ұлт өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, ежелгі заман еңбегін мұра ретінде қабылдап, ұлттық кодын сақтай алады. Бүгінгі таңда «ұлт» термині екі жағдайда қолданылады: 1. Бір халықты өзге халықтан ажырату мақсатында (мәселен қазақ ұлты, орыс ұлты); 2. Бір мемлекетте тұратын адамдарды «ұлт» (нация) деп атайды.

«Қазақстан интеграцияланған мемлекет. Бұл дегеніміз – әрбір ұлт өкілі еш қысымсыз мемлекет азаматы ретінде оның заңдарымен көршілес өмір сүру. Бүгінгі таңда әрбір қазақстандық тіпті ұлттық, нәсілдік, діни ерекшеліктерін жеке куәлігінде көрсетпеуіне құқығы бар. Олар өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз дәстүрлерін жандандыра алады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан көпұлтты мемлекет болған соң, жердің түкпір-түкпірінен келіп қоныстанған адамдардың ежелгі салт-дәстүрлері, мәдени мұралары сақталып қалған жер кіндігі. Біз де олар сияқты Ұлттық ерекшелігімізді жоғалтып алмас үшін, тарихымызды тереңінен зерттеп, рухани байлығымызды сарп етуімізге болмайды. Бірақ интеграциялы мемлекетте көршілес ұлттар жайлы да мәлімет білмей арқа тірестіріп, өмір сүре алмаймыз. Оған дүнгендер мен қазақтардың қақтығысына деген халықтың реакциясы мысал бола алады. Немесе қазақстандықтардың ішінде сөз етіліп, ұйғырлардың айналасында шыр айналып жүрген экспансиялық жаулау туралы мифтің таралуы – халқымыздың басым бөлігінің білімсіздігіне байланысты. Сондықтан қашан да болсын агрессия танытпай, білім алып, үнемі жетіліп отыруымыз қажет. Себебі жаңа келер толық виртуалды заманда патриоттық сезім мен ұлттық кодты мұра ретінде келешекке табыстау – енді сіздердің мойныңызда», деп қорытындылады Айгүл Кәкімбекқызы.

Айта кетелік, Қазақстан халық Ассамблеясының төраға орынбасары «Маша және дударай» атты фильм туралы шетінен сөз қозғады. Марат Алмасұлының сөзінше, фильм Ассамблеяның жобасы және алғашқы 2 ресми трейлері шығып қойды. Ал толық нұсқасы Қазақстандық кинотеатрларға 30 желтоқсанда шығу жоспарлануда.

Tags: конференцияЭтносаясат
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда әрбір әлеуметтік топқа жұмыс ұсынылуда

Келесі жаңалық

Тоқаев заңсыз демонстрацияға шығатындарға ескерту жасады

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды
Саясат

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Қаңтар 27, 2023
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Саясат

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қаңтар 20, 2023
Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Саясат

Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Қаңтар 20, 2023
Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Қаңтар 20, 2023
Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға шақырды
Басты

Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға шақырды

Қаңтар 19, 2023
Ерұлан Жамаубаев: Жыл сайын жалақы көтерілуде
Саясат

Ерұлан Жамаубаев: Жыл сайын жалақы көтерілуде

Қаңтар 17, 2023
Келесі жаңалық
Тоқаев заңсыз демонстрацияға шығатындарға ескерту жасады

Тоқаев заңсыз демонстрацияға шығатындарға ескерту жасады

Tips on how to Improve Your Matrimony - Guidance For Wives

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Kaspi.kz қосымшасы жұмыс істей бастады

Kaspi.kz қосымшасы жұмыс істей бастады

Қазан 28, 2020
Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкентте карантин ұзартылды

Қаңтар 7, 2021
«Қазақфильм» 30 млн.теңге ұрлығына қатысты түсінік берді

Жамбыл облысында 54 млн.теңге жымқырған балабақша қызметкері сотталды

Желтоқсан 27, 2021

Топ жаңалықтар

  • 2023 жыл «орыс тілінің жылы» емес

    2023 жыл «орыс тілінің жылы» емес

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қала әкімдігі Алматы Балалар жедел жәрдем орталығының емделушілерін Жаңа жылмен құттықтады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Француз зерттеушілер тобы Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жақсарту жобасы бойынша Алматыға келді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ресей өзінің үгіт-насихаттары үшін мамандар іздеуде

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда алғаш рет №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында эпилепсияның аса күрделі түрімен ауыратын балаларға операциялар жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
  • Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды
  • HONOR ақпан айында Қазақстанда Х сериялы жаңа смартфонды іске қосуды жоспарлап отыр

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.