«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы 23 қарашада өтеді
23 қарашада «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді.
Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды.
«Партия Бюросы қабылдаған шешімге сәйкес 2020 жылғы 23 қарашада «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтеді», — делінген хабарламада.