Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда өткен тәулікте 5708 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 509 998-ге жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 1369, Алматы қаласында — 993, Шымкент қаласында – 418, Ақмола облысында – 186, Ақтөбе облысында — 192, Алматы облысында — 178, Атырау облысында — 386, Шығыс Қазақстан облысында — 107, Жамбыл облысында — 97, Батыс Қазақстан облысында — 170, Қарағанды облысында — 698, Қостанай облысында — 149, Қызылорда облысында — 139, Маңғыстау облысында — 207, Павлодар облысында — 197, Солтүстік Қазақстан облысында — 99, Түркістан облысында — 123.

Қазақстанда 2 487 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Елімізде барлығы 439 010 адам COVID-19-дан емделіп шықты.