Павлодарда қарт кісіні көлік қағып өлтірді

Павлодарда қарт кісіні көлік қағып өлтірді
Covid-19. Coronavirus Outbreak Design with Virus Cell in Microscopic View on Shiny Light Background. Vector 2019-ncov Illustration Template on Dangerous SARS Epidemic Theme for Promotional Banner

Павлодарда көлік қағып кеткен 79 жастағы қарт кісі көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетсек, жол-көлік оқиғасы Әуежай — Павлодар автожолында болды.

— Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 08.00-де «Mitsubishi Delica» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегімен келе жатқан 79 жастағы қарияны қағып кеткен.
Салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Алайда зейнеткер есін жимастан қайтыс болды, — деді департаментте.