қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Аспантаудың асқарындағы – жұмақ мекен

- by -
Маусым 21, 2021
Аспантаудың асқарындағы – жұмақ мекен

Теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орналасқан Жетісудың лағыл маржаны, бар қазақтың мақтанышы. Қырлы ландшфаттары мен өзен-көлдері, көзтартарлық тау шатқалдары, Солтүстік Тянь-Шянь тауларының алқасы болған Көлсай көлінің көрікін кіргізіп тұр.  Аспанмен таласқан таулардың ортасында орын тепкен әсем көл «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғауында.

Байланысты

Уимблдон: күннің соңғы нәтижелері мен негізгі оқиғалары

Альварес Головкинға нокаут жасамақшы

Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

Аталған аймақтағы өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі келуші жұрттың таным-түйсігінің өріс алуына ықпал етпек.  Ұлттық парк аумағында тірі жанның қолы тимеген табиғаттың құрамдас бөлігі кездеседі. Бұл адамзат баласына тәңірдің тарту еткен сыйы дерсіз.

Жан рахаты саналған мекенде шетен, барбарис, ит мұрын, таңқурай, жалбыз, қылқан жапырақ өседі. Құзар шыңы көкке жетіп тұрған таулы өлкеде үнемі нұр жауып, жоғарыда аталған өсімдіктердің жайнап тұруына өз септігін тигізеді десек артық айтқандық емес.  Көлсай көлдеріндегі 230-ға жуық жан-жануар, әсем үнімен естір құлақты елең еткізер орман құстарының 197 түрі ұлттық парктің баға жетпес асылы, һәм жәдігері.  Сондай-ақ, қар барысы мен жәндіктердің 700-ден астам түрін дәл осы өлкеден кездестіруге болады.

Аталған Көлсай өзені аумағында Жоғары, Ортаңғы  және Төменгі Көлсай деп аталатын 3 көл бар. Жоғары Көлсай көлі теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 580 метр, көлдің жалпы аумағы 180 мың шаршы метр. Ортаңғы Көлсай теңіз деңгейінен 2280 метр биіктікте орналасса, ұзындығы 1180 метрге дейін жетеді. Көл аумағы 343 мың шаршы метрді құрайды. Көлсайға барған кезде бірден көз жауын алатын Төменгі Көлсай теңіз деңгейінен 1800 метр жоғары орналасқан. Көлдің жалпы аумағы 33 мың шаршы метр, тереңдігі 75 метр.

Бүгінгі таңда, Көлсайдың төңірегінде экотуризм дамып келе жатыр. Сәйкесінше, жанардың қарашығына сыймайтын сұлулықты көрмекке келетін туристер саныда жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.   «Көлсай көлдері» мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі» республикалық ММ экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Сағыныш Әзімовтың ақпарына сүйенсек, 2019 жылы 87 мың адам көлдің көркемдігін өз көзімен көруге келсе, 2020 жылы пандемия жағдайына қарамастан 83 153 жан жақұт жерге табан тіреген.

«Биылғы жылы маусымның жаңадан басталғанына қарамастан Көлсай көлдері 46 мың келушіні қабылдап үлгерді. Өткен жылы 53 шет ел азаматы осы өңірге ат басын бұрса, биыл бұл көрсеткіш 70-ке жетіп отыр. Қазіргі кезде Көлсай көлдеренің өзінде қызықтап келген азаматтарға арнап бағытты екіге бөлгелі отырмыз. Ол атпен және жаяу жүру. Бұны бас жоспарға енгіземіз»,-деп атап өтті Сағыныш Әзімов.

Жалпы Ұлттық парк аумағында 7 туристік бағыт бар. Оның екеуі  жоғары сұранысқа ие. Біріншісі, Сарыбұлақ асуындағы Төменгі Көлсай көлі, екіншісі Қайыңды көлі.

Қазақстанның оңтүстік асатанасынан 280 шақырым жердегі көл, таңдай қағып, бас шайқауға тұрарлық аймақ. Шекара асып көңіл қошын табатын орын іздеудің қажеті жоқ. Жаратылысы тым ерек көлдің өзіне тән маңғаздығы маужыраған жанды жадыратады. 1991 жылы жер сілкінісінен пайда болған көл туристер жиі келетін, баурайы жасыл желекке оранған көркем мекенге айналды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Аталмыш маңда жадыраған жаз мезгілінде адам қарасы үзілмейді. Алыс-жақын шет елдерден бөлек, республиканың түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан адамдар жетерлік.

Соның бірі, Кереку жерінен келген Тұрлыбековтар отбасы. Олар тұмса табиғатты өз көздерімен қызықтау үшін ат арлытып, 1700 шақырымды артқа тастап, бір тәуліктен аса жол жүріп, Алматы облысыдағы жердегі жұмақ, сұлулықтың қайнар көзі саналған Қайыңдыға арнайы келген.

«Телеарналардан көрсеткенде өзге мемлекетте орналасқан шығар деп ойлап жүргенбіз. Кейін Алматы облысында екенін білдік. Шынын айту керек, таңданысымды жасыра алмадым естіген сәтте. Осы өлкенің топырағын басу биылғы жылға бұйырыпты. Отбасымызбен демалысты пайдаланып, Павлодар облысынан  келіп қалдық. Ерекше сезімге бөленіп жатырмыз. Рухани кемелденіп, ішкі ойды тазартып, әлде бір жеңілдікті сезінудеміз. Жалпы табиғатпен өзара үндестік табу сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім.

Барша отандастарымыз туған еліміздің сұлу, алтынға пара-пар демалыс орындарын көріп, ішкі туризмнің дамуына үлес қоссақ нұр-үстіне нұр болар еді. Еліміз көркейіп, алты алаштың аспанындағы шоқ жұлдызы іспетті мекендеріміз гүлдене берсін»,-деп боямасыз әсерін жеткізді отағасы Дидар Тұрлыбеков.

2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлінің сел тасқынымен шайылып кетуінің әсерінен көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген.

Бұл туристік аймақтың басты мәселесіне айналып отыр. Мамандар алдағы таңда аталған түйіткілдің шешімі табады деп сендіруде. Соған қарамастан, бос уақыттарын табиғат аясында өткізгісі келетіндердің саны артуда. Бұл өз кезегінде отандық туризмнің алға басуына мұрындық болмақ. Өңір өркендесін, ел дамысын. Тәңірі тәлейіне жазған, ұлы даланы қазынасы ұлттық парктің қарауында қайта жандасын деген ниет қана біздегі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Елжан Біртанов «СК-Фармация» экс-басшысының ісі бойынша куәгер болды

Келесі жаңалық

Қазақстан полициясының күні: Алматы қалалық ПД ең жақсы патрульдік полиция қызметкерін ұсынды

-

-

Байланысты жаңалықтар

Уимблдон: күннің соңғы нәтижелері мен негізгі оқиғалары
Категориясыз

Уимблдон: күннің соңғы нәтижелері мен негізгі оқиғалары

Маусым 28, 2022
Альварес Головкинға нокаут жасамақшы
Категориясыз

Альварес Головкинға нокаут жасамақшы

Маусым 27, 2022
Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды
Категориясыз

Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

Маусым 27, 2022
«Рахат» компаниясы зардап шеккен қызметкермен соттасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды
Категориясыз

«Рахат» компаниясы зардап шеккен қызметкермен соттасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Маусым 24, 2022
Қара сөзбен доллар және рубльдің құнын анықтаудың түсіндірмесі
Категориясыз

Қара сөзбен доллар және рубльдің құнын анықтаудың түсіндірмесі

Маусым 24, 2022
«Бәйтерек» ақыры «Қазақстан Жинақ банкін» сатып алмақ
Категориясыз

«Бәйтерек» ақыры «Қазақстан Жинақ банкін» сатып алмақ

Маусым 23, 2022
Келесі жаңалық
Қазақстан полициясының күні: Алматы қалалық ПД ең жақсы патрульдік полиция қызметкерін ұсынды

Қазақстан полициясының күні: Алматы қалалық ПД ең жақсы патрульдік полиция қызметкерін ұсынды

Қазақстанда коронавирустың «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутациясы расталды

Өткен тәулікте коронавируспен 943 науқас тіркелді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 253 адам тіркелді

Наурыз 4, 2022
Мамин «Роскосмос» басшысы Рогозинмен кездесті

Мамин «Роскосмос» басшысы Рогозинмен кездесті

Наурыз 2, 2021
Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Қазақстанда тағы 4 106 адам COVID-19 жұқтырды

Қыркүйек 9, 2021

Топ жаңалықтар

  • Әуежай экскурсия ұйымдастырды

    Әуежай экскурсия ұйымдастырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанның 12 өңірінде «Стелс-Омикрон» штамы анықталған

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда Pfizer вакцинасын 1 202 344 адам салдырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Уимблдон: күннің соңғы нәтижелері мен негізгі оқиғалары
  • Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
  • Азамат Бейісбеков Еңбек министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.