Түркістандағы Түркі кеңесінің саммиті коронавирусқа байланысты бейнеконференция режимінде өтеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
– Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан тарапы 31 наурызға жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми Саммитін Түркістан қаласында бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылдады. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің хатшылығы бұл шешім туралы ресми түрде хабардар етілді, – деп хабарлады Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз