«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында тыйым салынғаннан кейін елде вейптер мен бір реттік электрондық темекілердің сатылу жолдары мен мұндай өнімдердің желіде заңсыз сатылуының негізгі тәсілдерін түсіну үшін танымал интернет-алаңшаларға зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезеңі — 2024 жылдың шілде айы. Зерттеу географиясы — Қазақстан Республикасы.
«Қазақстанда жастар арасында құрамында никотин бар заттардың таралуына қарсы күрес бойынша іс-шаралар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Осы жылы да маңызды қадам жасалды – 19 сәуірде мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға тыйым салатын заңға қол қойды. Біздің қор 2023 жылы осы мәселені шешу үшін «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасын іске қосты. Осы кезеңде біз жобаның қамту географиясын үш өңірден беске дейін кеңейттік – бұл Алматы, Астана, Өскемен, Шымкент және Қарағанды. Біздің белсенділер мен еріктілер мектептер мен жоғары оқу орындарында көптеген кездесулер өткізді, акциялар, рейдтер мен флешмобтар ұйымдастырды. Қазір жоспарымызға орай нүктелік жұмыстан ауқымды іс – шараларға көшуді көздеп отырмыз»,-деп атап өтті «Қазақстан балалар қоры» ҚҚ директоры және Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының вице президенті Эльвира Ватлина.
Вейп (ағылшынның Vape-булау) деген сөзі немесе электронды темекі бұл қыздырған кезде темекі түтінін емес, бу шығаратын темекілік сұйықтықтарды буландыруға арналған құрылғылар. Вейптердің зияны аздау болып саналады, бірақ оларды ұдайы қолдану никотинге деген тәуелділікке және басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі ықтимал. Кейбір мәліметтерге
сәйкес, темекілік сұйықтықтар, хош иістендіргіштер жүрек пен қан тамырларының жұмысын бұзып, тыныс алу жолдарының қабынуын, ал кейбір жағдайларда онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.
Зерттеу барысында белгілі болғандай, Қазақстанда вейптер OLX сауда алаңшасында, Telegram мессенджерінде және Instagram әлеуметтік желісінде сатылады. Бұл рейтингте бірінші орын OLX платформасына тиесілі.
OLX платформасы
Similarweb мәліметтері бойынша, соңғы айда ғана онда кіріп шығулардың жалпы саны 9,4 млн жеткен. Бүкіл зерттеу кезеңінде вейптің сатылуы туралы 14 белсенді хабарландыру табылды.
«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасының зерттеуі анықтағандай, OLX-те вейптер 2020 жылдан бері сатылады екен. Аталмыш құрылғылардың сатылуы туралы хабарландыруларды орналастырған аккаунтардың басым бөлігі 2024 жылдың маусым-шілде айларында тіркелген. Бұл ретте әрбір аккаунт орташа алғанда есеппен екі хабарландырудан шығарады.
Көптеген жарнамаларда вейптердің нақты суреттері бар, негізінен «бір реттік», «электронкалар» сөздері, сондай-ақ «Waka», «ElfBar», «LostMary» сияқты таралған брендтердің атаулары пайдаланылады.
Расын айту керек, платформа тарапынан вейптердің заңсыз сатылуы туралы хабарландыруларға қарсы күресу шаралары жүргізіледі, мұндай хабарландырулар әдетте бір тәулік ішінде жоғалып кетеді. Бірақ содан кейін олар қайтадан OLX алаңшасында, оның үстіне «Сән», «Хобби, демалыс, спорт», тіпті «Балалар аяқ киімі» сияқты бөлімдерде қайта шығып қалады.
Telegram
Бүкіл зерттеу кезеңінде Telegram-да вейптерді сату туралы 8 белсенді хабарландыру анықталды.
Бұл мессенджерді айына шамамен 12,5 млн қазақстандық пайдаланады және зерттеу барысында анықталғандай, аталмыш платформаның вейптерді сату туралы хабарландыруларды орналастыру жағынан қамту аясы ең ауқымды. Бұл жерде заңсыз сауда жасау өте ыңғайлы, өйткені сатушылар өз бизнесі үшін канал немесе топты жылдам құрып, вейптер, бағалар мен акциялар туралы ақпаратты жариялай алады.
Сонымен қатар, Telegram құпиялылықты қамтамасыз етеді, соның арқасында сатушылар клиенттермен шифрленген хабарламалар арқылы хабарласа алады, бұл да тыйым салынған санатқа жататын тауарларды сату кезінде оларға ыңғайлылық туғызады. Сондай-ақ мессенджер тапсырыстарды автоматты түрде өңдеу, хабарламалар жіберу және жиі қойылатын сұрақтарға
жауап беру үшін боттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл сатушылардың жұмысын жеңілдетеді және заңсыз бизнестің тиімділігін арттыра түседі.
Бұл әлеуметтік желінің қамту аясын ескерер болсақ — 12,1 миллионнан астам қолданушы, мұндай өнімді сатудың артықшылығы әйгілі «телеграмға» қарағанда аздау. Зерттеу кезеңінде вейптің сатылуы туралы барлығы 3 белсенді хабарландыру анықталды. Барлық жарнамалардың ішінде тек 1 дүкен ғана Instagram-да тапсырыстарды қабылдайды және өңдейді, қалғандарында Telegram-ға сілтемелері бар.
Дегенмен, Instagram жарнамалық жағынан тартымды, өйткені ол жарнаманы нақты бір аудиторияға реттеп беруге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында анықталғандай, сатушылар вейп жарнамасын 18-30 жас аралығындағы ерлер аудиториясы үшін бағыттайды. Орналасу контекстінде жекелеген өңірлер емес, бүкіл Қазақстан пайдаланылады.
Осылайша, Instagram вейптер заңсыз сатылатын интернет платформалардың рейтингінің соңындағы орынға ие.
Зерттеу сонымен қатар темекі шегетін құрылғыларды жеткізудің қызықты фактісін анықтады. Белгілі болғандай, вейп сатушылары жеткізу қызметтерін пайдалануды жөн көреді немесе тұтынушыларға тыйым салынған тауарды жеткізу үшін өз курьерлерін жалдайды.
«Біз зерттеуіміздің нәтижелері құқық қорғау органдарына вейптердің заңсыз сатушылары мен осы уытты құрылғыны өсіп келе жатқан ұрпақтың арасында таралуына қарсы жүргізіліп отырған күреске көмектеседі деп үміттенеміз», – дейді зерттеудің авторы және Астана қаласы бойынша «Вейпсіз жастық шақ» жобасының үйлестірушісі Артур Алхастов.
Біз туралы:
«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы – «Қазақстанның балалар қоры» ҚҚ үкіметтік емес қайырымдылық ұйымының бастамасы. Жоба 2023 жылдың мамыр айында Астана, Алматы, Өскемен қалаларында басталды. Бүгінде 5 өңірде жұмыс істейді, аталған қалаларға Шымкент пен Қарағанды қосылды. Акцияның мақсаты-жасөспірімдердің вейптерді тұтынудың алдын алу мен шектелуіне қол жеткізу.
Жоба ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауына және сарапшы дәрігерлердің мақұлдауына ие болды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз