ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

3 қыркүйек, Студенттер сарайы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиында Басқарма Төрағасы-ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы сөз бастап, Жолдауының негізгі басымдықтарына тоқталды. Кездесу барысында ғылым мен білім саласы, эконо­микалық саясат­ты одан әрі жетілдіру, цифрландыру және адам құқығы туралы Пре­зидент Жол­дауында бұрын қабыл­данып, бүгін­де жүзеге асырылып жат­қан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Бұдан бөлек, басқосуда сөз сөйлегендер білім беру мәселелері, жастар және жастарға патриоттық тәрбие беру ісі туралы да әңгіме қозғады.

Жолдау — маңызды мәселелерді шешуде бағдар беретін бағдарлама. Университет басшысы ұжымды Жолдауды іске асыруда белсенділік танытуға шақырып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.