Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында сәтті ота жасалды, нәтижесінде 52 жастағы науқас сынған сүйектің дұрыс емес бітіп кетуі салдарынан туындаған аурудан арылды.
1994 жылы науқас аяғын сындырып алған, содан бері оның өмірі ыңғайсыздықпен күреске, әрбір қозғалыс бұрынғы жарақатты қоздырып, жылдарға созылған азапқа айналды.
Сонда да ер адам үмітін үзбей, амал іздеп, ақыры Орталық қалалық клиникалық ауруханаға травматология бөліміне медициналық көмекке жүгінді.
Келесі күні оған 1,5 сағатқа созылған ота жасалды.
«Хирургиялық араласу кезінде сүйек ашылып, сына тәрізді остеотомия және интермодулярлық бұғаттайтын білігі бар остеосинтез жасалды. Ота сәтті өтті», — дейді травматолог Нұржан Нұралы
Жоғары білікті дәрігерлер тобының арқасында ота сәтті өтті және барлық қажетті сурет оң нәтижені растады.
«Қазір бәрі жақсы, бәрі орнына келді. Құдай қаласа, мен 1-2 айдан кейін жүгіріп кетемін деп ойлаймын», — дейді қуанышы қойнына сыймай жатқан науқас.
Ол осы аурухананың травматологиялық бөлімшесінің барлық дәрігеріне, әсіресе ота жасаған дәрігер Нұржан Нұралыға үлкен алғысын білдірді.
Науқас оны емдеуге атсалысқан барлық басқа да медицина қызметкерлеріне, медбикелерге және анестезиологтарға ризашылығын білдірді.
«Мен олардың жұмысына өте ризамын. Жұмыста табыс, отбасына денсаулық және еңбекте өркендеу тілеймін», — деді ол.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз