Үкімет отырысында ақылы жолдардың тарифін 20 пайызға көтеру ұсынылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Польша сияқты елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Осыған байланысты күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды толық өтеу үшін қолданыстағы тарифті 20 пайызға өсіру мәселесі пысықталып жатыр», — деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Сондай-ақ, ол бұл бастама қолдау тапса, жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті.
«Негізгі жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік автокөліктерге бағытталады», — деді министр.
Фото: КазАвтоЖол
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз