Қазақстанда өткен тәулікте 46 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
31 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 598 адам коронавирус инфекциясынан (–1 454+ және 144 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз