2-3 ақпан күні Алматыда «Digital Almaty: жаңа замандағы цифрлық серіктестік» атты V Халықаралық цифрлық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Жиналыстың негізгі тақырыбы – инновациялық технологиялар саласын дамытудың заманауи жаһандық әдістері.
Форумның іскерлік бағдарламасында 20 панельдік дискуссия болады, оған 150-ден астам спикер – халықаралық және қазақстандық IT қоғамдастықтарының өкілдері қатысады. Digital Almaty форумына 30 түрлі елден 15 мыңнан астам адам қатысады деген болжам бар. Панельдік дискуссия кезінде форум қатысушылары өнеркәсіп саласының автоматтандырудан цифрландыруға қарқынды көшуін, цифрлық майнингтің ертеңін, роботизация тенденциясын, Еуразия аймағындағы IT саласының дамуын талқылайтын болады.
Айта кетелік, Digital Almaty пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одағына (ЕАЭО) мүшелік ететін елдердің үкімет басшылары қатысады. Отырыстың басты тақырыбы – телекоммуникация саласындағы тұрақты цифрлық инфрақұрылым мен жаңа технологияларды дамыту. Спикерлер GovTech және FinTech-тің даму мүмкіндіктері жайлы сөйлеспек, оған қоса аймақтағы IT бизнесті одан әрі дамытуына қатысты жеке көзқарастарымен бөліседі.
Форум аясында әр елдің технопарктерінің, халықаралық вендорлық және венчурлық қорлардың көрмелері ұйымдастырылады. Назарларыңызға Индустрия 4.0. мен Инновациялық орталықтың көрме алаңында өнеркәсіп индустриясына байланысты инновациялар мен үздік IT технологиялар ұсынылады.
Сонымен қатар, Стартап аллеясында, оның ішінде FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т.б. жобалар көрмесінде аудиторияға 100 жаңа жоба таныстырылады. Сондай-ақ, технология марафоны, ІТ саласының жетекші өкілдерінің қатысуымен семинар, университеттер мен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Дәстүр бойынша форум алаңында ASTANA HUB BATTLE атты технология марафоны өтеді. Үздік IT стартап үшін 18 000 доллары жүлде қоры дайын.
Іс-шараға қатысу үшін almatydigital.kz сайтында тіркеліңіз.
Digital Almaty – бұл цифрлық дәуірдің жаңалықтарын, жаңа цифрлық трансформация стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бері осымен бесінші рет өткізілуде.
Іс-шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub.
БАҚ-пен байланыс
МЦРИАП баспасөз қызметі: Ерхан Таткен +7702 817 7617
Форумның PR-маманы, Tech Garden: Альбина Рамазан +7777 3139190
ASTANA HUB баспасөз қызметі: Асель Мухамбетова +7747 432 2056
Discussion about this post