қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Сәуір 10, 2021
Алматы қаласының Наурызбай ауданында 3 мыңға жуық адам екпе алды

Пандемия тезірек аяқталсын деп тілеймін – алматылықтар COVID-19 вакцинасын алып жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 1 128 жағдайы тіркелді

Кейінгі тәулікте 1 373 адамнан коронавирус анықталды

2 сәуірден бастап мегаполисте вакцинацияның 5 траншы басталды. Екпе салу науқаны басталғаннан бері Наурызбай ауданында бүгінгі күні КВИ-ден 3500 адамға вакцина салынды.

Оның арасында, 954 медицина қызметкері, 571 педагог, 138 полиция басқармасының қызметкерлері, 45 студент, 51 ІІМ қызметкерлері, созылмалы аурумен ауратын 100 адам және қала мекенінің 1 мың адамы.

Бүгінгі күнге екпе салу науқаны бойынша 5 транш жүргізіліп жатқаны туралы айта кеткіміз келеді.

Өткен төрт эшелон бойынша 2910 адамға екпе салынды. Мұнда ең алдымен иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МАСК), қабылдау бөлімшесінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алатынын атап өткен жөн. Екінші сатыда жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші сатыға кірмеген медицина қызметінің жұмыскерлері қамтылған. Үшінші саты мектеп-интенаттар, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратындар, медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлеріне қаралған.

2 сәуірден бастап мегаполисте вакцинацияның 5 траншы басталды. Бүгінгі таңда қаланың барлық тұрғындары вакцинациядан өтуде. Вакцинаны алудың жалғыз шарты-қаланың кез-келген емханасына тіркелу. Егер шетелдік адамның тұруға ықтиярхаты болса және ол емханаға тіркелген болса және медициналық көмектің барлық қажетті көлемін ала алатын болса-оларға вакцина да қолжетімді.

«Күнделікті бізде шамамен 60 адамға екпе салынады. Екпе салынғандардың барлығының жай-күйі жақсы. Осы уақытқа дейін бейтарап әсерлер анықталмады. Біздің азаматтарымызбен бірге шет ел азаматтары да вакцина алып жатыр. Мысалға, бүгін тұруға ыхтияры бар, қаладағы емханаға тіркелінген Оңтүстік Кореяның 5 азаматы келді. Олардың барлығы вакцина алды», – деді №36 Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасарының м.а. Венера Тохтахунова.

«Бүгін мен Спутник вакцинасын салдырдым. Мен келгенде қан қысымымды өлшеп, сатурация жүргізіп, тамағымды тексеріп, созылмалы аурудың бар-жоғы туралы сұрады. Тексеріс кезінде барлығы қалыпты болды. Екпенің салынғанын тіпті сезбей қалдым. Содан кабинетке апарды, ол жерде жарты сағаттай отырдым, өзімді жақсы сезіндім. Менің таныстарымның барлығына екпе салынған, мен жұмысым үшін созып жүргенмін. Ауру арашалап өтеді деп үміттенем, осы уақытқа дейін ауырған жоқпын және ауырғым да келмейді. Сол себепті вакцина алуға келдім және де барлығыңызға алуды ұсынамын. Пандемияның тез бітуін тілеймін», – деп қала тұрғыны Ю Чиун өз ойын білдірді.

Наурызбай ауданы бойынша вакцинаны салу №7 Қалалық клиникалық ауруханада, №26, 27, 36 Қалалық емханаларда күнделікті сағ. 8:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. №36 Қалалық емханада вакцина салу екінші қабаттағы 209 кабинетте, ал, екінші сатысы – ревакцинация 1 қабаттағы 104 кабинетте жүргізіліп жатыр.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Екпе алуға тілек білдіргендердің бәрін вакцинацияға шағырамыз»,– деп атап өтті №36 ҚЕ маманы.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинациялауға өтінімді жеке кабинет немесе Мобайл Egov мобильдік қосымшасы арқылы онлайн беруге болады. Өтінім ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін мамандар хабарласады. Екінші компонентті алу үшін екі рет өтініш берудің қажеті жоқ. Бір өтінім жеткілікті. Науқас 21 күннен кейін белгілі бір мекен-жайға бару керек екендігі туралы ескерту алады. Онлайн жазылу арқылы кезекке  тұрудың қажеті жоқ. Әрбір емханада колл-орталық бар, сондай-ақ 1406 қысқа нөмірі жұмыс істейді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филипптің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады

Келесі жаңалық

ШҚО-дағы 2 жасар баланың өлімі: жаңа мәлімет пайда болды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Басты

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Тамыз 10, 2022
Қазақстанда кейінгі тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 1 128 жағдайы тіркелді

Тамыз 9, 2022
Қазақстанда кейінгі тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Басты

Кейінгі тәулікте 1 373 адамнан коронавирус анықталды

Тамыз 8, 2022
Қазақстанда соңғы тәулікте 2 579 адам коронавирус індетін жұқтырды
Басты

Қазақстанда соңғы тәулікте 2 579 адам коронавирус індетін жұқтырды

Тамыз 5, 2022
Қазақстанның 12 өңірінде «Стелс-Омикрон» штамы анықталған
Басты

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 2 792 жағдайы тіркелді

Тамыз 4, 2022
Кейінгі тәулікте 2 661 адамнан коронавирус анықталды
Басты

Кейінгі тәулікте 2 661 адамнан коронавирус анықталды

Тамыз 3, 2022
Келесі жаңалық
ШҚО-дағы 2 жасар баланың өлімі: жаңа мәлімет пайда болды

ШҚО-дағы 2 жасар баланың өлімі: жаңа мәлімет пайда болды

Pros and cons of Internet Seeing

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Finding Overseas Birdes-to-be

Маусым 14, 2022
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1002 адам жұқтырған

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1002 адам жұқтырған

Наурыз 13, 2021
«Astana Club 2021» отырысы қашан өтетіні белгілі болды

«Astana Club 2021» отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Қараша 5, 2021

Топ жаңалықтар

  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қисық жол қисық мемлекеттің белгісі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Демалыс күндерінің басты матчы: Англияның Суперкубогын кім алады?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • «Реал» – «Айнтрахт». УЕФА Суперкубогын қай қоманда алады
  • 10 тамызға қарай теңге бағамының болжамы
  • Тоқаев премьер-министрді қабылдады

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.