Қазақстанда өткен тәулікте 279 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
«15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда»,-делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 13 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз