Семейдегі ЖЭО-1-де түнде болған өрттен кейін тұрғындар жылусыз қалды

Семейдегі ЖЭО-1-де түнде болған өрттен кейін тұрғындар жылусыз қалды

«Теплокоммунэнерго» МКК мәлімдемесі бойынша, желтоқсанның 15-не қараған түні Семейдің сол жағалауындағы ЖЭО-1 өртке оранды. Өрт құрылыс нысанына зақым келтіріп, ішіндегі бірнеше жүйе мен құрамдас бөліктерді істен шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 00:30-да ЖЭО-1 отынмен жабдықтау жүйесінің бірінші конвейерінде өрт шығып, отынмен қамтамасыз ету үшін қуат беретін фидерлер, мазут сынды механизмдері істен шығып, төтенше жағдай жарияланды. Сондықтан, жылу беру параметрлері төмендей бастады.