Қазақстандық банктер «МИР» төлем желісімен байланысты карталарды пайдалана отырып, төлем операцияларын жүзеге асыруға рұқсат алды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылдың 8 желтоқсанында АҚШ Қаржы министрлігіне қарасты OFAC реттеуші органдарына Қазақстанға көшіп келген ресейліктер қажетті төлем операцияларын жүзеге асыру үшін «МИР» банк карталарын пайдаланатынына қарсы емес деген хат жолдаған болатын.
Қазақстандағы «МИР»
Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту әрекеттерін алдын алу үшін бұл төлем жүйесі мұқият бақылауға алынады. «МИР» төлем жүйесі арқылы заңсыз транзакциялар жасалып, РФ санкциямен бекітілген шектеулерді бұза алмас үшін, бұл төлем жүйесі ерекше бақылауға алынады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымдастырған жиында қазақстандық банктердің өкілдеріне «МИР» жүйесінің төлем карталарын елімізде қалай пайдалануға болатыны жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Қазақстандық банктер өз клиенттеріне әртүрлі банктік қызметтерді ұсына алады. Оларға тіпті «МИР» картасымен төлемдер қабылдап, банкоматтардан қолма-қол ақша алу мүмкіндігі кіреді.
Банктер бұл шешімді жеке корпоративтік стратегиялар мен ішкі тәуекелдерді басқару саясатын ескере отырып, өз қалауы бойынша ғана қабылдайды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз