Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын, — делінген Жарлықта.

Еске салсақ, Алтай Көлгінов 2019 жылы маусымда Астана әкімі болып тағайындалған еді. Ол 2022 жылы 8 желтоқсанда Астана әкімі қызметінен кетті.