Салық төлеушілер өз міндеттерін уақытылы орындамаса, олар әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізіміне кіру мүмкін. Бұл өздеріне маңызды қызметтерге немесе бонустарға қол жеткізуді қиындату мүмкін. Сондықтан, салықтық міндеттемелерді уақытылы орындап жүрген абзал, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Салық кодексінде белгіленген талаптар бойынша, бір жыл ішінде салық төленгені жайлы құжаттар ұсынбаған тұлға әрекетсіз болып саналады. Мәселен:
- корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (заңды тұлғалар үшін), жеке табыс салығы бойынша декларация (дара кәсіпкерлер үшін);
- көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде ойын бизнесіне қатысты декларацияны заңды тұлға да, дара кәсіпкер де ұсынбаған жағдайда;
- көрсетілген салық кезеңінен кейінгі екі салық кезеңіне қатысты жеңілдетілген декларацияны заңды тұлға да, дара кәсіпкер де ұсынбаған жағдайда әрекетсіз танылып, сенімсіз салық төлеушіге айналу мүмкін.
Салық төлеуші өзінің салық төлеуші дәрежесін kgd.gov.kz сайтында «Сенімсіз төлеушілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық қызметтер» мәзіріне өтіп, тексере алады.
Егер сенімсіз салық төлеушілер тізіміне кіргізіп жіберсе
Егер салық төлеуші осы тізімде болса, онда ол:
- есептелген салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауға;
- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік материалды дайындау үшін, азамат жергілікті мекені бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келуге міндетті.
Сенімсіздер тізімінен шығару қызметі 5 жұмыс күні ішінде орындалады.
Өтініш берген күннен бастап, 5 күннен кейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан «Сенімсіз төлеушілерді іздеу» бөлімінде тексеруге болады.
Салық төлеу міндетін орындамағандарға неден сақтану керек?
Белсенділігі төмен салық төлеушілер тізімінде болудың салдарынан:
- ҚҚС бойынша есептен шығару;
- компания қызметіндегі контрагенттерге күмән өсу;
- банктік шот ашу және несие алу қызметі көрсетілмеу мүмкін.
Айта кетелік, 2022 жылы белсенділігі төмен деп танылған салық төлеушілер саны 11180-ді құрады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз