Алматыда электр қуатының тарифтері төмендейді, деп хабарлайды Qazaqpress.
— Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлағандай, 1 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Алматы қаласы бойынша ТМРК тарифтерді төмендетеді, атап айтқанда жеке тұлғаларды электрмен қамсыздандыру құнын 1,5% -ға (ҚҚС-сыз 17,12 теңгеден / кВтсағ-тан ҚҚС-сыз 16,86 тг / кВтсағ дейін), заңды тұлғалар үшін 1,2% -ке (ҚҚС-сыз 18,47 тг / кВтсағ-нан 18,25 тг / кВт.с. дейін).
Құзырлы ведомствадағылар жалпы электр қуаттылықты қамтамасыз ету, электр энергиясын тасымалдау және теңгерімдеу тарифтерінің төмендеуі арқылы бағаны арзандатуға қол жеткізілгенін айтады.
— Жеке тұлғалар үшін бұл арада 554 млн теңге, заңды тұлғалар үшін 820 млн теңге үнем болады (…) Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жеке тұлғаларға салынатын салмақты бюджеттік ұйымдарға жүктеп, бағаны қайта бөліп қарастыру жайы қосымша ықпал етті, — делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз