ТЖД аптапқа байланысты алматылықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК №7 ескертуіне сәйкес 17 шілдеде Алматыда 36 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.
Ыстық ауа райы жүрек-қан тамыры аурулары, артериялық гипертониясы бар, сондай-ақ, инфаркт пен инсультке шалдыққан адамдар үшін қауіпті. Серуен мен шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.
Дәрігердің нұсқаулығын орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек», — деді ТЖД өкілдері.
Олар қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпес үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз