22 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Журналистика мамандығының түлегі Есмағамбетов Рамазанның «Сәуірде жауған сәуледей» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.
Еуразия Ұлттық университетінде Инклюзивті орталығының басшысы Гүлхая Бабаханқызы мен «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі студенттің «Сәуірде жауған сәуледей» атты шығармашылық кеші өтті.
Морт кебектей сынғыш бала атанған Рамазан Есмағамбетовтың бүгінгі таңда маңдайында жұлдызы жанып, 2022 жылы Еуразия Ұлттық университетінің мерейін асқақтататын түлегіне айналып отыр. Кеш форматы кейіпкермен сұхбат түрінде өтті. Іс-шара «Дала сазы» оркестрінің күйімен басталып, қорытындыланды.
Іс-шараға Журналистика және Саясаттану факультетінің Директор орынбасары, Гүлжауһар Жамбыловна; Журналистика және Саясаттану факультетінің докторанты, Айжан Пернебекқызы; «Отырар кітапханасы» орталығының ғылыми қызметкері және Директор орынбасары, Жадыра Айдарбекқызы; Ғали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Сабира Аманжановна және т.б. қатысты.
Сонымен қатар, алтын медаль үміткерлері болған мектеп алды оқушылары шақырылып, ЕҰУ-не қызығушылығын арттыру мақсатында университет жайлы шағын баяндама жасалды.
Іс-шара қонағы марапатталып, кездесу фотосессия мен оркестрдің әсем күйінің орындауында аяқталды.
Discussion about this post